Қазақстандық парламентарилер ЕКПА сессиясына қатысуда

7 Сәуір, 2014 17:15
Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясындағы ҚР Парламенті делегациясының жетекшісі, Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, Владимир Бобров пен Орынбай Рахменбердиев сынды сенаторлар ЕКПА кезекті сессиясына қатысуда.

ҚР Сенатының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шара Страсбургте өтуде. Сессия шеңберінде адам құқығы бойынша  Еуропа Кеңесінің комиссары Нилс Муйжниекс, Австрияның Федералды президенті Хайнц Фишер сөз сөйлейді. Ал, Еуропа Кеңесінің парламентарийлері Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі жіберген сауалын талқылайды. Ол «демократия үшін серіктестік» статусын беру, киберкеңістікте қолданушылардың қауіпсіздігін жақсарту, интернетке кіруге рұқсат беру, босқындардың проблемалары және Еуропадағы адам саудасына қатысты.

Депутаттар сонымен қатар, азаматтық туралы Еуропалық конвенцияны тиімді іске асыру жолдарын да қарастырмақ. 

Барлық жаңалықтар