- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні тойлануда
Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні тойлануда
Акцияға қатысушыларды Дүниежүзілік денсаулық күнімен ҚР ДСМ, «Нұр Отан» партиясының және жас толқынның өкілдері құттықтады.
«Астаналық «ASTANA MALL» СО 1 қабатында біздің волонтерларымыздың қатысуымен шара жоспарланған. Олар денсаулықты сақтауға және күтуге арналған флеш-мобтар. Ал, ғимараттың 3 қабатында қалалық емханалар ашық есік күндерін өткізеді. Онда ақысыз түрде терапевт, педиатр, психолог, әлеуметтік қызметкерлерден кеңес алуға болады. Тіпті, ниет танытқандар қан қысымы мен холестерин көлемін өлшетуіне, сонымен қатар антропометриялық мәліметтерді де білуіне мүмкіндік бар», - деп ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры Ажар Төлеғалиева хабарлады.
Бұдан басқа, бүгін «ASTANA MALL» СО сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін концерттік бағдарлама, спорттық мектептердің шеберлік сабақтары және викториналар өтеді.
Айта кетерлік жайт, қаланың барлық емханаларында Ашық есік күндері өтуде. Азаматтар медициналық профилактикалық тексеруден өте алады.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 7 сәуірден бастап 1948 жылы құрылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні тойланады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары