- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету құқығы туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету құқығы туралы заң жобасын мақұлдады
Білім вице-министрі Н.Әбеновтің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 34 мыңнан асады. Оның 27 мыңнан астамы, яғни 80 пайызға жуығы баспанаға мұқтаж болып отыр.
2006 жылдан бастап 300 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, олардың ішінен жетім балаларға бар-жоғы 849 пәтер бөлінген, бұл 0,2%-ды құрайды.
Вице-минстрдің айтуынша, жетім балаларды тұрғын үймен қамтудың басты мәселесі алдыңғы қатардағы құқықсыз жалпы тізімде тұрғандығы болып табылады.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 6 млн 50 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланған, жалпы шығын 2 трлн теңгені құрайды.
Болжалды баспанаға мұқтаж балалар үйінің түлектерінің саны қазіргі уақытта 21 408 адам. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 856 320 шаршы метр баспана керек, бұл алдағы жылдары салынатын құрылыстың 1,2%-ын құрайды.
Аталған заң жобасы ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасымен халықаралық ережелерге сәйкес жасалып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғауға бағытталған.
Аталған заң жобасының мақсаты балалардың көрсетілген санатының тұрғын үй мәселелерін шешу, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және сәтті әлеуметтік бейімделу болып табылады.
Заң жобасымен Қазақстанның бірқатар кодекстері «Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», және «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Қазақстан Республикасындағы Балалар құқығы туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Мәжілістің барлық комитеттері аталған заңға оң қорытынды беріп отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы