• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ 12 жыл ішінде жалпы өнім өндірісінің бес есеге өскенін анықтады - А.Евниев

АШМ 12 жыл ішінде жалпы өнім өндірісінің бес есеге өскенін анықтады - А.Евниев

7 Сәуір, 2014 12:45
2001 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жалпы өнім өндірісі бес есе өскенін тіркеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР АШМ Жауапты хатшысы Арман Евниев мәлім етті.

«2001 жылды 2013 жылмен салыстырғанда жалпы өнім өндірісі бес есе өсті, атап айтатын болсақ мал шаруашылығында 4,5 есе, өсімдік өсіру саласында 5 есе өсім бар. Он жыл үшін бұл даму динамикасындағы жақсы көрсеткіш»,  - деді А. Евниев.

Ол атап өткендей, соңғы кездері жалпы мал шаруашылығы өнімінің өндірісі өсімдік өсіру өндірісін басып озуда. Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай динамика бұрын соңды тіркелмеген.

Сонымен қатар, А. Евниев бүгінде ҰКП, салалық одақтармен, қауымдастықтармен ҚР АШМ жанындағы Іскерлер кеңесі аясында шеберлік-жоспарлар жасақталып, бекітілгенін және олардың жүзеге асыру кезеңінде  екенін тілге тиек етті. 

«Бұлар саланың негізгі сегменттері - бидай, сүт, ет, жемөндірісі және инфрақұрылымдар. Әр шеберлік-жоспарда  нақты мақсатты индикаторлар, оларды аймақтық және облыстық бөлу, қажетті өндірістік көрсеткіштер: қанша тонна, қанша гектр және қанша қаржы керек екендігі, ол үшін қандай жобаларды жүзеге асыру керек екендігі есептелген»,  - деп ол толықтырды.

Әр шеберлік-жоспар бойынша кәсіпкерлер мен салалық бірлестіктердің өкілдері бар сәйкес жұмыс топтары құрылған. 

Барлық жаңалықтар