• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған желілік бөлігінің құрылысы аяқталады - МГМ

2014 жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған желілік бөлігінің құрылысы аяқталады - МГМ

7 Сәуір, 2014 12:30
Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры желілік бөлігінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлім етті.

«Есептік жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» масштабты жобасы аясында «Бозой-Шымкент» учаскісіндегі жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда газқұбырының жобалық қуаттылығы жылына 2,5 млрд. текше метрге жетті, алдағы уақытта газқұбырының қуаттылығын кезең-кезеңімен жылына 10 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланған», - деді Ұ. Қарабалин.

Ведомство басшысы атап өткендей,  бұл жобаны жүзеге асыру ҚР-да импортқа тәуелді аймақтарды газбен қамтамасыз етіп, 500-ден астам елді мекендерге газ жүргізуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, жобаның алғашқы кезеңінде-ақ оңтүстік өңірде қыс мезгілінде дәстүрлі түрде болатын газбен қамтамасыз етудегі үзілістерді болдырмауға жағдай жасады. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры желілік бөлігінің құрылысы аяқталады», - деп министр толықтырды.

Сондай-ақ, 2015 жылы Бозой және Қараөзек компрессорлы станциялардың құрылысы тәмәмдалады.

Барлық жаңалықтар