- Басты
- Жаңалықтар
- МГМ: 2013 жылдың қорытындысы бойынша ең көп мұнайды Қазақстан Италияға экспорттаған
МГМ: 2013 жылдың қорытындысы бойынша ең көп мұнайды Қазақстан Италияға экспорттаған
«Әлемдегі қазіргі жағдай транспорттық бағыттардың әртараптандыру үрдісін көрсетеді. Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай сатады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша сыртқа тасымалданған қазақстан мұнайының 27%-ы Италияға тасымалданса, Қытайға 17%, Нидерландыға13%, Францияға 9% және Австрияға 7%», -дейді министр.
Осы орайда, оның айтуынша, өткен жылы тасымал 28,7 млн тоннаны құрап, жалпы экспорттың 40%-ына жеткен. Атырау-Самара бағытында 15,4 млн тонна (21 %), Атасу-Алашанькоу 11,8 млн тонна (17 %), Ақтау порты арқылы 6,3 млн тонна (9 %) мұнай, Орынбор ГӨЗ-на 856 мың тонна конденсат (1 %), тағы 9 млн тоннатемір жол арқылы жіберілген (12 %).
«Былтыр «Бозой-Шымкент» учаскісінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» кең көлемді жобасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Аталмыш кезеңде жылына 2,5 млрд метр куб көлеміндегі қуаттылыққа қол жеткізілді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 млрд метр кубқа дейін өсіру жоспарланған. Жобаның іске асырылуы ҚР-ның оңтүстік аумағын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, еліміздің 500-ден астам елді-мекеніне көгілдір отын жеткізбек.
Сонымен қатар, Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химиялық кешені жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бірінші фазаның іске асырылуы екі бағытта өрбуде: инфрақұрылым мен өндірістік нысандар. Жоба кестеге сай жүргізілуде және министрліктің тұрақты қадағалауында.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді