• Басты
  • Жаңалықтар
  • Польша делегациясы қаза болған әскерилердің мемориалын ашу салтанатына қатысты

Польша делегациясы қаза болған әскерилердің мемориалын ашу салтанатына қатысты

7 Сәуір, 2014 11:30
Оңтүстік Қазақстан облысына Польша Республикасының соғыс құрбандары мен оның зардабын шеккендердің есімдерін қорғау жөніндеегі кеңестің бас хатшысы Анджей Кунерт пен осы елдің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковский бастаған Польша Республикасының делегациясы келді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, соғыс заманының қиын жағдайында  олардың біразы жұқпалы ауруларға шалдығып қаза болған. Олардың бірталайы бүгінгі Манкент ауылында жерленген.

Облысымызға жасаған сапары барысында  осында жерленген польшалық әскерилердің  құрметіне орнатылған  мемориалдың ашылу салтанатына қатысты.

Қаза тапқан отандастарын  мәңгілік есте сақтау мақсатында польшалық «BULMEХ-BARCICE» фирмасы  мемориал орнату жобасын қолдап, оның құрылысын қаржыландырған.

Польшалық делегация сол ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысып, Польша мен Қазақстанды  ортақ тарих байланыстыратынын айтып, өзара достық пен ынтымақтастық байланыс орнатылғанына тоқталды.

Мәртебелі меймандар еліміздің қонақжайлылығына алғыстарын білдіре отырып, екі ел арасындағы мәдени-экономикалық  байланыстарды одан әрі нығайтуға шақырды.

Тарихи деректерге сүйенсек, жасалған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес 1941-1942 жылдары Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы Кеңес одағы аумағында табылған поляк азаматтарынан генерал Владислав Андерс бастаған поляк армиясы жасақталған болатын.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар