ERG компаниясы Қостанай облысының дамуына 830 млн теңге бөлді

7 Сәуір, 2014 09:45
2014 жылы ERG компаниясы облыстың дамуына салған үлесі 830 млн теңгені құрайды. Меморандум аясында әлеуметтік және мәдени жобалар жүзеге асырылады.

2013 жылдың желтоқсанында ERG компаниясы ENRC-ді (Eurasian Natural Resources Corporation PLC) сатып алуды жүзеге асырып, өз кәсіпорындары орналасқан өңірлермен көпжылдық әріптестік дәстүрін жалғастырады. Ағымдағы жылы облыстың дамуына салған Топтың үлесі 830 млн теңгені құрайды. Меморандум аясында әлеуметтік және мәдени жобалар жүзеге асырылады. Оларды қаржыландыру «ENRC Көмек» корпоративтік қоры мен ERG-дің еншілес компаниясы болып табылатын ENRC құрамындағы «ССКӨБ» АҚ арқылы жүргізіледі.

ERG компаниясы мен Қостанай облысы әкімдігі арасында 2014 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Анағұрлым маңызды жобалардың ішінде моноқалалардың дамыту бағдарламасы аясында Арқалық қ. абаттандыру мен Қостанай облысының медициналық және білім беру мекемелеріне көмек көрсету бар.

Қызыл-Жар кентіндегі Киров мектебін қайта жөнделеді, Рудный қаласындағы перзентханаға құрал-жабдықтар сатып алынады, Новотроицк ауылында Мәдениет үйін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

«Осы жылы біздің топқа 20 жыл толады. Біздің ірі кәсіпорындарымыздың бірі - Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігіне - 60 жыл. Осы уақыт бойы өңірлердегі әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларын қолдау компанияның корпоративтік саясатының басым бағыттарының бірі болған. ERG компаниясы осы дәстүрді жалғастыруды мақсат тұтып, Қазақстан компанияларының арасындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі өзінің көшбасшы позициясын күшейте түседі», - деп атап өтті қол қою рәсіміне қатысқан ERG компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич.

Айта кетейік, 2013 жылы меморандумдардағы жобалардың жалпы құны 4,7 млрд теңгеден асты. Жақында Ақтөбе облысы әкімдігімен 2014 жылы әріптестік туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Жақын уақытта 2014 жылы әріптестік туралы меморандумдар Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен жасалады.

 

 

Барлық жаңалықтар