Өскеменде аймақты тазалау бойынша екі айлық шара басталды

7 Сәуір, 2014 09:15
ШҚО облыстық орталығында аула мен парктерді ретке келтіру үшін 3 мыңдай адам атсалысуда. Бұл үшін 35 дана арнайы техника жұмылдырылып, бас-аяғы 8 мың шаршы метр жерден 530 куб метр қоқыс шығарылды.

Өскеменде 5 сәуірден бастап аймақты тазалау бойынша екі айлық шара басталды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы. Бұл шара дәстүрге айналып, қаланың ең белсенді тобы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан облыс орталығының парктері аулалары мен көшелерін тазалау мақсатымен бір кісідей қызмет етті. Сенбілікке жалпы саны 3 мыңдай адам қатысса, соның ішінде 1359-ы мемлекеттік қызметкерлер. Бас-аяғы 8 мың шаршы метр жерден 530 куб метр қоқыс шығарылды. Аталмыш шараға қаланың 100 ірі ұйымы мен кәсіпкерліктері қатысты.

Айта кету керек, Өскемен қаласының игілігі үшін аулалар мен көшелердің жасыл желекке орануы мен тазалануы мақсатында қалалық бюджеттен 375 млн теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 50 ішкі аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын архитектуралық форманың 133 кешені орнатылмақ. Жоспарланған жөндеу жұмыстарына шамамен 850 млн теңге жұмсалмақ.

Барлық жаңалықтар