- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда аймақ кәсіпкерлері ШОБ дамуын талқылады
Атырауда аймақ кәсіпкерлері ШОБ дамуын талқылады
Форумға 150 шақты адам қатысты, олар: Өңірлік дамыту министрлігі, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі өкілдері, кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Форумға қатысушыларды облыс әкімі атынан құттықтаған оның бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев аймақтың отандық және шетелдік инвестиция тартуда тартымдылығын баса айтты. Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік мүмкін шаралардың бәрін жүзеге асыруда.
Атыраудағы мұнай-технологиялық паркінде 300 шамалы кәсіпорын орналасуы күтілуде. Бастапқы тапсырыстар қазір-ақ түсе бастаған. Республика бойынша бірінші рет осы өңірде ашылғалы отырған газ-химия кешенінің келешегі де үлкен үміт күттіреді.
Бүгінде Атырау халықаралық әуежайына әлемнің түрлі алып ұшақтары еркін қонады. Ал, оның алдағы уақытта тағы да кеңейтіліп, жаңғыртылатындығы күтіліп отырғандығын айтар болсақ, мүмкіндігі қазіргіден де артады. Іргедегі Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне шығар жол бар. Демек, табиғаттың өзі мұнайлы мекенді сенімді су қатынасымен қамтамасыз еткен.
Форумда «Цеснабанк» АҚ мен Атырау облысының әкімдігі және өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оған , қоса «Сарапшы – Батыс Қазақстан» аясында ірі компаниялар мараппаталды.
Іскерлік бағдарлама аясында «Батыс Қазақстанға инвестиция тарту : жетілу жолдары» атты жоспарлы отырыс өтті.
-
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
ДСМ: Қазақстан қызыл аймаққа еніп, шектеу шаралары күшейтілді -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
Ерлан Қиясов: Қазақстан 23 күн бойы «қызыл» аймақта тұр -
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар -
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері