• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтауда мұнай мен газды есепке алатын коммерциялық түйіндерді тексеру бойынша зертхана құрылады

Ақтауда мұнай мен газды есепке алатын коммерциялық түйіндерді тексеру бойынша зертхана құрылады

6 Сәуір, 2014 11:20
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысындағы «ҚазИнМетр» РМК жанынан мұнай мен газды есепке алатын коммерциялық түйіндерді тексеру бойынша зертхана ашылады. Бұл туралы Ақтауда өткен ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Аймақтық штаб отырысында белгілі болды.

Зертхананың маңызы туралы айта отырып, «ҚазИнМетр» РМК Батыс Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары  Решат Сабырғалиев, кәсіпорындарда жоғары дәлдіктегі газды есепке алу құралын енгізу  шикізат жеткізушілермен есептесу жүйесін оңтайландырып қана қоймай, шығынға ұшыраған жағдайда оның нақты көлемін есептеп береді, деп атап өтті.

Бүгінде метрологтардың айтуынша, құралды одан әрі пайдалану үшін оның жарамдылығын анықтайтын техникалық процедура тым көп уақытты алады.

Болжам бойынша аймақта зертхана ашу  мұнай мен газды есепке алатын түйіндерді тексеру уақытын қысқартады.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне мұнай мен газды есепке алатын коммерциялық түйіндерді тексеру үшін жағдай жасау туралы ұсыныс жіберу керек деп бір ауыздан шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар