• Басты
  • Жаңалықтар
  • Берлинде мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Германия Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті

Берлинде мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Германия Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтті

5 Сәуір, 2014 12:00
Берлин қаласында мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан –Германия Үкіметаралық комиссиясының кезекті төртінші мәжілісі болып өтті.

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінің бастығы Тілеуғали Қышқашбаев, неміс делегациясын Германия Федералдық сыртқы істер министрлігінің Мәдениет және байланыс департаментінің директорының орынбасары, Елші Андерс Майтцнер басқарды.

Қазақстандық делегация құрамына Мәдениет министрлігінің, Мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі, Спорт және денешынықтыру агенттігі, Ақпарат және қатынас агенттігі, Назарбаев Университет және ҚР ГФР-дағы Елшілігінің өкілдері кірді.

Өзінің сәлемдесу сөзінде Ресеймен, Орталық Азиямен және «Шығыс әріптестік» елдерімен ынтымақтастық бойынша ГФР үкіметінің өкілі Гернот Ерлер аталған мәжіліс екіжақты қарым-қатынас, саяси диалог пен екі елдің арасындағы экономикалық қатынастардың даму деңгейінің бейнесі деп атап өтті.

Өз кезегінде Т.Қышқашбаев мәдениет пен білімнің неміс тарапрымен даму байланысы маңызды екенін, сонымен қатар мемлекет басшысының жолдауы қарсаңында атап өткендігін атап өтті. Қазақстан делегациясы басшысының сөзіне қарағанда, қазақ тілінің Германияда және неміс тілінің Қазақстанда берілуі екіжақты келісіммен рұқсат етілген.

Барлық жаңалықтар