- Басты
- Жаңалықтар
- Транспорттық инфрақұрылымның дамуы «Қазпошта» АҚ үшін үлкен мүмкіндіктер ашады – А.Бейсенбаев
Транспорттық инфрақұрылымның дамуы «Қазпошта» АҚ үшін үлкен мүмкіндіктер ашады – А.Бейсенбаев
«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы транспорттық инфрақұрылымның дамуына ерекше мән береді. Ал ұлттық пошта операторы үшін логистикалық операция өндірістік процестің бір бөлігі болып саналады. Заманауи пошта индустриясы радикалды өзгерістерді бастан кешуде. Ұлттық пошта әкімшілігінің дәстүрлі бизнес моделі қайта құрылып, қағазбастылықтан барынша арылып, электронды коммерцияның дамуының арқасында жөнелту жұмыстары дамып келеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транспорттық дәлізі темір жол транспортынан ақырындап автотранспорттық маршрутқа өтуді кеңейтуде «Қазпошта» АҚ үшін қосымша мүмкіндіктер ашты. Бұл логистикалық шығындарды оңтайландыруға және бақылау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», - дейді басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, автотранспорттық құралдармен басқару және бақылауды ұйымдастыру үшін «Қазпошта» АҚ-на GPS/Глонасс транспорттық құралдарға мониторинг жасау жүйесі енгізіледі. Спутниктік мониторингтің арқасында автотранспорттың дқозғалыс бағыты, оның жылдамдығына бақылау жасалып, тиімді маршруттарға ұсыныстар беріледі. Мониторинг процесінде тиімсіз маршруттардың маршрут карталары оңтайландырылып, бұл өз кезегінде жеткізу жылдамдығының артуына жол ашпақ. Сонымен қатар магистральді үлкен жүк көліктеріне жанармайды санкцияланбаған төгудің алдын алу үшін жанармай тетік орнатылады.
«Сонымен қатар, логистикалық инфрақұрылымды жақсарту бойынша стратегиялық бастамалар аясында «Қазпошта» АҚ «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығында пошталық-лошистикалық терминал құрылысын жоспарлап отыр», - дейді А.Бейсенбаев.
«Қазпошта» АҚ басқарма төөрағасының айтуынша, халықаралық жобаның іске қосылуы халықаралық пошта алмасу жылдамдығын барынша арттырып, халық пен кәсіпкерлікке қосымша қызмет түрі ашылмақ, соның ішінде Орта Азия, Ресей мен Еуропа елдері үшін халықаралық транзит қызметі қосылмақ.
«Сөзсіз, ұлттық пошталық оператордың барлық ел бойынша бөлімшелері мен бөлімдері желілері бар шағын ауылдар мен шалғайдағы елді-мекендердегі қаржылық және жалғыз пошта агенті болып табылатын әлеуметтік маңызды қызмет атқаратынын ұмытпауымыз керек. Қазірде компания көптеген бастамаларды қолға алуда. Нәтижесінде бизнес тасымалдау процестерінде, пошта хабарламаларын жөнелту мен тасымалдауда заманауи логистикалық шешімдер қабылдап жатыр. «Қазпошта» АҚ тұтынушылары үшін пошталық жөнелтулерді беру мен қабылдау бойыгша автоматты терминал желілері дамытылмақ», - дейді А.Бейсенбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция