- Басты
- Жаңалықтар
- БАҚ-та жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама үшін айыппұл салынады - Еңбек министрлігі
БАҚ-та жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама үшін айыппұл салынады - Еңбек министрлігі
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті БАҚ басшыларына арнайы хат жолдады, онда жасы мен жынысына қарай талап қойылған хабарлама таратқан үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ескертілген», - делінген ведомство хабарламасында.
Осылайша, ҚР Конституциясы мен Еңбек Кодексін басшылыққа ала отырып, ҚР ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті БАҚ басшыларын жынысы мен жасына қарай талап қойылған жұмысқа қабылдау туралы хабарламаларды жариялаудан бас тарту жөнінде ескертті. Осы заң талаптарын бұзған жұмыс берушілерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан айыппұл салынуы мүмкін.
Бүгінде, Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында, көп жағдайда газеттерде, жұмыс берушілердің жынысы мен жасына қарай шектеу қоятын хабарламалары жиі кездеседі. Бұл, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пайымынша, еңбек нарығындағы кемсіту болып есептеледі.
Осыған байланысты, 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу көзделген.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай