Алматыда құрамында сынабы бар шамдарды жинайтын контейнерлер орнатылды

4 Сәуір, 2014 16:45
Бүгін Алматының қалалық әкімдігі құрамында сынабы бар шамдарды жинайтын 10 контейнер орнатылды.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, мамандандырылған контейнерлер экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Энергия үнемдейтін шамдар денсаулыққа өте зиянды, оны қарапайым қоқыс жәшігіне тастауға болмайды.

Оған қоса, сынапты шамдарды жинауға арналған контейнерлер арнайы материалдан жасалған. Сондай-ақ, арнайы қоқыс ұстайтын пакет те бар.

Сонымен қатар, халықпен сынапты шамдарды қолдану бойынша  ақпараттық-насихаттау жұмыстары да жүргізіледі. Осы мақсатта  тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылады.

 

Барлық жаңалықтар