- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР министрліктерінің өкілдері ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды
ҚР министрліктерінің өкілдері ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды
Индустрия министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық делегацияның қатарында ККМ, АШМ, МГМ, ИЖТМ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз», ENRC, «КазФосфат» пен өзге де өкілдер болды.
Сапар барысында AVIС, SinoAgri, Цинхуа, CITICGroup, CNPC секілді компаниялармен кездесулер ұйымдастырылды. Соның аясында қаржы институттарымен бірігіп жұмыс істеу, агроөнеркәсіптік кешен, мұнай-газ құрылғысы өндірісі, кешенді көмір өңдеу, калий тыңайтқышын өңдеу секілді салаларда бірлескен кәсіпкерліктер құру мен индустрияландыру бағдарламасының инвестициялық жобаларын іске асыру мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, ҚХР-дағы ҚР Елшісі Н.Ермекбаевтың қатысуымен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен, ҚХР коммерция министрі Гао Хучэнмен, ҚХР Даму және реформа мемлекеттік комитеті төрағасы Сюй Шаоши және ҚХР Темір жол мемлекттік басқармасы төрағасы – Көлік министрі орынбасары Лу Дунфумен кездесу өтті.
Аталмыш кездесулер барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен Мемлекет басшысның келісімін іске асыру аясында сауда-экономикалық әріптестікті жандандыру мәселесі талқыланды. Басты назарға алынған қазақстандық экспорттың артуы мен 2016 жылға қарай екі елдің басшысы мақсат еткен тауар айналымын 40 млрд долларға дейін жеткізу жайы сөз болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімі, көмір, металл, феррохром, қорғасын аккумуляторы, фосфорлы тыңайтқыш пен өзге де тауарларды экспорттауға қолайлы жағдай жасау мәселесі де тілге тиек етілді.
Мемлекет басшыларының алға қойған мақсаттарына жету жолында тараптар қазақстандық экспорттаушылардың мәселесін шешу механизмін дайындау шарттарын дайындауға келісті. Және де жаңа технология мен туризм саласындағы да ынтымақтасты тереңдету мәселесі сөз болды.
Қазақстандық делегация сапар барысында Шэньян қаласына (Ляонин провинциясы) барып, АӨК, құрылыс, энергетика, металлургия, химиялық өнеркәсіп, машинақұрылысы қызметтерінде жұмыс істейтін жиырма шақты компания мен провинция губернаторы Чэнь Чжэнгаомен кездесті.
Тараптар Алматы облысы аумағында индустриялды парк құру келісіміне келді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары