• Басты
  • Ақмола облысының ауруханасына 250 млн теңгенің компьютерлік томографы орнатылды

Ақмола облысының ауруханасына 250 млн теңгенің компьютерлік томографы орнатылды

4 Сәуір, 2014 14:30
Ақмола облыстық ауруханасына 250 млн теңгенің компьютерлік томографы орнатылып, мекеменің диагностикалық мүмкіндігін арттыра түсті.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Ақмола облыстық аурухананың инсульттік орталығындағы жаңа құрылғының таныстырылуы өңір басшысы Қосман Айтмұхаметовтың қатысуымен өтті. 250 млн теңгелік компьютерлік томограф республикалық бюджет есебінен алынған.

Құрылғыны заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету диагностика үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Аталмыш аппаратта қарау жылдамдығын көбейтіп, уақытты айтарлықтай үнемдейтін спиралды сканерлеу технологиясы бар. Бұл әсіресе қозғалыста мүмкіндігі шектеулі және өсімтал сырқаттары бар науқастар мен балаларды қарау кезінде маңызды. Науқастарды қараудың жоғары жылдамдығы қосымша сырқаттардың диагностикасы үшін томографты пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа заман құрылғысы жіңішке анатомиялық құрылымдарды зерттеу кезінде сенімділік тудыратын диагностикалық және клиникалық жоғары өндіріске ие. Үш өлшемді бейне дәрігердің науқас туралы танымын арттып қана қоймай, емдеу жұмыстарына оңтайлы нұсқаны ұсынып, арнайы бағдарламалар арқылы ішкі органдарда минималды өзгерістерді анықтайды.

Барлық жаңалықтар