- Басты
- Жаңалықтар
- ERG компаниясы Ақтөбе облысының дамуына 800 млн теңге бөледі
ERG компаниясы Ақтөбе облысының дамуына 800 млн теңге бөледі
Бүгінгі басқосуымыздың негізгі мақсаты - облыс әкімдігі мен ERG компаниясы арасында ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қоймақпыз. Меморандум аясында «Қазхром» трансұлттық компаниясы» биыл облыста ірі жобаларды қаржыландыруға 800 миллион теңге бөлмек. Биыл анағұрлым ірі жобалар жүзеге асырылмақшы, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Бұл қаражат негізінен Ақтөбе және Хромтау қалаларының көшелері мен аулаларды, көлік жолдарын жөндеуге, спорт кешендері мен волейбол командаларын қаржыландыруға, сондай-ақ, кадрлар даярлайтын Хромтау қаласындағы тау-кен техникалық колледжін қолдау бағыттарына жұмсалмақ.
««Қазхром» трансұлттық компаниясы» - ERG компаниясының құрамына кіреді. Елімізде «Қазхромның» иелігіндегі төрт кәсіпорынның екеуі, яғни Дөң тау-кен байыту комбинаты мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аймақта жұмыс жасап жатыр. Бүгінде компания облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Компания бір орында тұрмайды, жыл сайын даму үстінде. Еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық даму және басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене атсалысып жүр. Соның бір көрінісі - өткен жылы жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы қаланды. Қазіргі күні зауыт қажетті құралдармен жабдықталып жатыр. Алдағы бір-екі айда жаңа зауыт алғашқы өнімдерін шығарады деп күтілуде. Бірегей әрі жоғары технологиялармен жабдықталған зауыттың құны - 840 миллион АҚШ доллары. Бұл - еліміздің индустрияландыру картасына енген ірі жобалардың бірі. Әрине, біз бұл жобаны іске асыруда аймақта, елімізде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетініміз анық», - деді аймақ басшысы.
Кездесу соңында Архимед Бегежанұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүргендері үшін А.Машкевич пен Б.Соботкаларға алғысын білдірді. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде аймақтағы «Қазхром» ТҰК» АҚ иелігіндегі кәсіпорындарда шамамен 10 мыңға жуық адам жұмыс жасайды. А.Мұхамбетов кәсіпорынның 1 сәуірден бастап қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысын өсіруге шешім шығарғанына да өз ризашылығын білдірді.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді