- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте алдағы пленарлы отырыстың күн тәртібін анықтады
Мәжілісте алдағы пленарлы отырыстың күн тәртібін анықтады
Депутаттардың талқылауына Қылмыстық кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға шығарылатын болды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Палатаның салалық комитетінің мәлімдеуінше, Кодекстің жаңа редакциясы Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен 2012 жылы 6 қаңтарда 2010-2020 жылдарға құқықтық саясат Тұжырымдамасының ережелерін, және де мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып жасалған.
Бұл актінің іске асырылатын тұжырымдамалық бағыттары, бір жағынан, бірінші рет жасалған немесе әлеуметтік әлсіз тұлғалар жасаған қылмыстарға қатысты тағаттылық тәсілдерін кеңейтеді, екінші жағынан, ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталануына, ұйымдасқан қылмыскерлікке және сот төрелігіне кедергі жасауға ден қоюды қатаңдатады.
Бюро мүшелері солармен бірге Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы (2014 жылғы 14-15 сәуір) ұсыныстарын да қолдады.
Сонымен бірге отырыста ү.ж. мамыр айында болатын «Экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы және перспективалары туралы» парламенттік тыңдаудың ұйымдастырылу мәселелерін де қарастырды.
Мәжіліс Төрағасы Қ.Жақыпов салалық комитеттерге жалпы отырысқа шығарылатын заң жобасына әзірлікті жан-жақты жүргізуді тапсырды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады