Астанада Денсаулық күні өтеді

4 Сәуір, 2014 11:30
Астанада 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап «Сенің өмірің сенің қолыңда» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні өтеді.

СӨС ДО хабарлағандай, акция «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы аясында өтеді. 2011-2015 жылдарға арналған бағдарлама «Нұр  Отан» АМП «Бірлік» партиясы  астаналық филиалы Денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласының әкімдігімен біріге отырып  жасақталған.

Денсаулық қалашығы, спорт мектептерінің шеберлік сабақтары, флеш-моб, концерттік бағдарлама Денсаулық күні ұйымдастырылады. Осы күні қаланың барлық емханаларында Ашық есік күні болады. Азаматтар тегін медициналық қараудан өте алады.

Шара мақсаты – тұрғындардың денсаулық мәселесіндегі проблемаларын шешу және денсаулықты жақсартуға арналған шараларға қатысу.

Барлық жаңалықтар