- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада маусым айында «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық конгерсі өтеді
Астанада маусым айында «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық конгерсі өтеді
ҚР Индустрия және жаңа технологиялардың бірінші вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, «АММ конгерісінің басты миссиясы саланың жаңа жетістіктерін таныстыру, тәжірибемен белсенді алмасу, алдыңғы қатардағы инновациялық технологияны енгізу және шетелдік, отандық компаниялармен ынтымақтастықта жаңа белестерді бағындыру болған және солай қала бермек».
АММ тұжырымдамасы өндірістік процеске қатысты барлық мәселелерді қарастырады, яғни геологиялық барлаудан бастап, кен өндіру, байыту, қайта өңдеу және жоғары технологиялы өнімдердіі өндіруге дейін.
Бұдан басқа, 11 маусымда Конгресстің алаңында 2018 жылы 25-ші Халықаралық Тау Конгресін Астанада өткізуге арналған Халықаралық Тау Конгресінің (World Mining Congress, WMC) кезекті 95 халықаралық ұйымдастыру комитетінің отырысы өтеді. Оған әлемнің 30 мемлекетінен келген халықаралық сарапшылар мен ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Конгрессте спикер ретінде ұлттық компаниялардың, ірі тау- металлургиялық, халықаралық агенттіктердің бірінші басшылары және Қазақстан, Австралия, Австрия, Бельгия, Белоруссия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Испания, Канада, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, АҚШ, Франция, ОАР, Швеция мен Жапония елдерінен келген ғылым мен бизнес өкілдері сөз сөйлейді.
Ал, пленарлық сессияның отырысында сөз сөйлеу үшін әлемде тау-металлургиялық өндіріс саласында көш бастап тұрған 20 мемлекеттің салалық министрлері шақырылды.
Сонымен қатар, «Astana Mining & Metallurgy» конгресі шеңберінде «Золотой Гефест» салалық байқауы өткізіледі, бүгінде оған өтініш қабылдау басталып кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ITE Group Plc (Ұлыбритания) шығып отыр.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды