- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД жаңа жобалары Өскеменнің экономикалық дамуын арттырады
ҮИИД жаңа жобалары Өскеменнің экономикалық дамуын арттырады
Алдын ала болжамдар бойынша Өскеменнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бірінші маусымда айтарлықтай деңгейде жақсарған, дейді ШҚО ақпараттық орталығы.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 167 млрд теңгеге жетіп, 5% артқан. Қалалық бюджетке түскен қаражат 8% көбейді. Ал тауар айналымы көлемі 9% көтеріліп, кемінде 55 млрд теңге болады деп күтілуде. 4 жаңа инвестициялық жоба әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті жақсартпақ. Бұл туралы қала әкімі Тастанбек Қасымжанов ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың Өскемен қаласы активімен кездесу барысында айтты.
ҮИИД мемлекеттік бағдарлаасы өнеркәсіптік қала үшін үлкен мәнге ие. Биыл қала экономикасына ағаш өңдеу зауыты, Сорғы ауданында қысқы спорт түрлері бойынша электрлі сумен қамту трассасы, «Қазцинк» ЖШС цехының қалпына келтірілуі, жылу кешенінің құрылысы секілді жобалар қарқын бермек. Облыс активінің мақұлдаған жобалардың жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайды.
«Наурыз айында біз 4,7 млрд теңгенің трубаагрегаттары кешіні құрылысы мен темір бетоны құрылымы өндірісі бойынша екі жоба мақұлданды. Жалпы, аталмыш бағдарлама бойынша 247 млрд теңгенің 19 жобасы іске асырылуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 35 млрд теңгенің 139 жобасы іске асырылуда, биыл тағы 24 қосылып, тағы 3 жоба қаралып жатыр.
«БЖК-2020» аясындағы гранттар бойынша 6 жоба іске асырылуда, биыл тағы 17-сі ұсынылған. Төрт жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтар бослақ олар чехиялық әріптестермен «ТехстройИнновация» ЖШС базальді жылыту мен минералды плита зауыты құрылысы. Өзге жобалар – тау-шахта машинасы мен құрылығысы («Balum Kaz Service» ЖШС) зауыты құрылысы, макулатура өңдеу мен қағаз бұйымдарын шығару цехы құрылысы («Өскемен қағаз фабрикасы» ЖШС) мен қуат алу мақсатымен ағаш қалдықтарын өңдеу («Нұрбилдинг» ЖШС). Қала әкімдігі 12 млрд теңге көлеміндегі бизнес пен ҮИИД қосымша қаржыландыру жобасына өтініш берілген.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру