2014 жылы Жамбыл облысында мал шаруашылығы кластері құрылады

4 Сәуір, 2014 09:55
2014 жылы Жамбыл облысында мал шаруашылығы кластері құрылады, оның мақсаты – қой шаруашылығын дамыту және аймақтағы қолданыстағы қайта өңдеу өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету, деп «ҚазАгро» Ұлттық холдингінде хабарлады.

«Бүгінгі күні итальяндық компаниялардың бірімен жасаған мәміле аясында компания «ҚазАгро» еншілес компаниясымен Аппенинға 50 тоннадан астам жұқа негіздегі қой жүні жартылай фабрикатын жіберді. Сонымен қатар «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС бас директоры Болат Момушевтың сөзіне сәйкес импортерлер 2014 жылдың барысында 500 тоннаға жуық аталған өнімді сатып алуға дайын», - делінген хабарламада.

«ҚазАгроӨнім» АҚ мен VICOTEX S.r.l. итальяндық компаниясы арасында өткен соңғы кездесудің нәтижесінде екі жақ Еуропа нарығына тазажүнді топсты жүйелі түрде жеткізуді ұйымдастыру негізінде ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату келісіміне жетті

Сондай-ақ,  «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның қолдауымен кәсіпорынның қуаттылығын 100 пайызға жеткізіп, қызметкерлер санын 450 адамға жеткізуді көздеп отырғанын айтып өтті.

Айта кетерлігі, өндірістік алаңдар мен технологиялық базалар фабрикаға жылына 10 мың тоннаға дейін жүнді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. өндірісте 250 жоғары маманданған қызметкерлер тартылған. Дегенмен, шикізаттың жетіспеушілігі компанияны маусымдық шикізат жеткізіп беруінен тәуелді қылып, өндірісті ұлғайтуға және қуаттылықты арттыруға кедергі туғызуда. 

Жалпы "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында 254,5 млрд.теңгені құрайтын 373 инвестициялық жоба бар.

 

Барлық жаңалықтар