• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді

4 Сәуір, 2014 10:00
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2014 жылдың 2 сәуірінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдады.

ҚР Өңірлік даму министрлігінің хабарлауынша, жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Бағдарлама аясындағы тұрғын үй салу механизмін жетілдіру мен оның құндық параметрлерін жетілдіруге бағытталған.

Осыған сәйкес, бағдарламаға қатысушылар тізімі төмендегі топтарға топтастырылған: 1 топ – жергілікті атқарушы органдар кезегіндегілер (жетім балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері); II топ – барлық азаматтар тобы, соның ішінде «ҚИК» АҚ Үйі» бағытындағы азаматтарға басымдылық беріледі (мемлекеттік заңды тұлға, әлеуметтік саладағы меншіктің кез келген түрі бойынша мемлекеттік емес ұйымның қызметкерлері);III топ – жас отбасылар («Жастар саясаты» туарлы ҚР Заңына сай).

Жергілікті атқарушы орган кезегіндегілер Бағдарламаның «Халықтың барлық санатындағыларға тұрғын үй», «ҚИК» АҚ Үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік» АҚ Үйі» бағыттарына қатысуға мүмкіндік алады. Бағдарламаға қатысуға құжат қабылдау жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, ЖАО арқылы II топ қатысушыларынан («ҚИК» АҚ Үйі» бағытымен), III топ қатысушыларынан («Жас отбасылар тұрғын үйі» бағытымен) Бағдарламаға қатысуға құжат қабылданады.

Қаулымен II және III топқа енетін бағдарлама қатысушыларына бірыңғай талап бірыңғайланды. Аталмыш қатысушыларға қойылатын негізгі талап: ҚР азаматтығы немесе оралман атағы, ҚР меншігінде тұрғын үйінің болмауы, 5 жыл ішінде алдын ала алалайтын фактінің болмауы, төлем қабілетінің расталуы, соңғы екі жылда Астана мен Алматы қалаларында тіркелуі. Енгізілген басты түзетулердің бірі меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ азаматтарды үймен қамту болып табылады.

Жаңа түзетулерге сай, салынған үйлерді екінші және үшінші топ үміткерлеріне берупропорционалды түрде іске асырылады.

Бағдарлама бағыты бойынша әкімдік кезегіндегілер үшін құн өзгермеді. Астана мен Алматыда 120 мың теңге, қалған өңірлерде бұл көрсеткіш шаршы метріне 80 мың теңге.

Айта кету керек, мұндай шаралар бағдарламаны іске асыруда сапасыз құрылысқа әкелетін құрылысқа фактілік шығындардың шаршы метрі құнына сай келмеуге байланысты қабылданды

Барлық жаңалықтар