- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Сыртқы істер ведомствосында хабарлағандай, сапар барысында қазақстандық делегация мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған ресейлік делегация арасында шағын және кеңейтілген құрамдарда толықформатты келіссөздер орын алды.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-ресейлік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқыға салды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Аймақаралық және шекаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты қадамдарға, ғарыш, энергетика және көлік-коммуникация салаларында өзара ықпалдастықты кеңейтуге, сонымен қатар 2012 жылғы 19 желтоқсан күні екі елдің Президенттері бекіткен 2013-2015 ж.ж. арналған бірлескен іс-әрекет Жоспарын тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство басшылары халықаралық бірлестіктер аясындағы, соның ішінде ТМД, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК және БҰҰ шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін, Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, Каспий мәселесі бойынша пікір алмасты.
Е.Ыдырысов пен С.Лавров Украинадағы жағдай мен бұл елдегі дағдарысты реттеу жолдарын кеңінен талқыға салды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомство арасындағы 2014 жылға арналған өзара ынтымақтасу жөніндегі іс-шаралар Жоспарына қол қойылды. Оның жүзеге асуы Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік және одақтас қарым-қатынастың тереңдеуіне мүмкіндік береді.
Е.Ыдырысов өзінің Мәскеуге сапары аясында ТМД және ҰҚШҰ сыртқы істер министрлер кеңесіне қатысатын
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция