- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың сәуір айында 2017 жылғы Универсиаданың 3 ірі жобасының құрылысы басталады
2014 жылдың сәуір айында 2017 жылғы Универсиаданың 3 ірі жобасының құрылысы басталады
3 Сәуір, 2014 18:30
2014 жылдың сәуір айында Алматыда екі спорттық нысан мен Олимпиада қалашығының құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Студенттік спорттың ұлттық федерациясы президенті Қайрат Закарьянов мәлімдеді.
«2017 жылғы Универсиадаға дейін Алматыда екі ірі спорттық нысан іске қосылады. Бірі 12 мың орындық болса, екіншісі 3 мың орындық. Сонымен қатар, Универсиадаға қатысуға келетін спортшылардың орналасатын Олимпиада қалашығы салынады», - дейді Қ.Закарьянов.
Оның айтуынша, Универсиаданы өткізгеннен кейін бұл қалашық Алматы қаласы студенттерінің игілігіне беріледі.
Аталмыш жобалар мақұлданған, енді олардың құрылыс жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталады.
«Осы жобалардыың барлығы мақұлданып, қаражаты бөлінген. Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың FISU президентімен кездесуіндегі айтуынша, аталмыш нысандардың құрылыс жұмыстары басталады», - дейді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды