FISU президенті: Қазақстанның Универсиада-2017-ге дайындығы жақсы

3 Сәуір, 2014 17:53
Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод Луи Галльен Қазақстанның 2017-жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындығы жақсы деп есептейді.

«Мен Қазақстандағы адамдардың ең алдымен басқаларға қарсы емес, өздеріне қарсы жарысатынын көрдім. Бұл біздің өте жақсы дайындалуымыз қажет екенін көрсетеді. Менің жеке  пікірім: Қазақстан Универсиада үшін ғана өте тамаша дайындалмаған. Осы қарқынмен Олимпиада ойындарын өткізуге де ең жақсы үміткер болуы мүмкін», - деді Клод Луи Галльен .

Сонымен қатар, ол Алматы қаласының Уневерсиада өткізуге жақсы тенденциялары бар, деп атап өтті.

«Менің айтқым келгені, біз көрген  Алматы және оның ұйымдастырушылық құрылымдары және құралдарында жақсы тенденциялар бар. Ал, біздің алдымызда әлі үш қала бар. Жалпы, мен біздің көзіміз көрген дүниелерге көңіліміз толды деп сенімді айта аламын. Алайда іс-шараларды ұйымдастыру құрылымдарын және адами факторларды еске алу ғана қалды. Біз волонтерлердың қозғалысына қатысатындармен кездесуге мүмкіндік алдық.  Сонымен қатар, біз ғимаратқа жауаптылармен жүздестік. Жалпы бәрі жақсы», - деді FISU президенті.

Бұдан басқа, ол ұйымкомитеті FISU бірлесіп Универсиада-2017 ұйымының құрылымын ойластыру керек.

«Біз құралдар мәселесі бойынша жұмыс істейміз, себебі онда шешім қабылдау керек жағдайлар бар. Негізі егер сіздер бір жаңалық енгізгілеріңіз келсе ең алдымен оны не үшін енгізіп жатқандарыңызды және Ойындарды өткізген соң қалай пайдаланатыныңыздарды ескерулеріңіз керек. Біз технологияларды тапсыруды ұйымдастырамыз, бұл ұйымкомитеті мамандармен дайындық деңгейі мен талаптарға сәйкестілігін үнемі талқылау үшін жасалады. Менің ойымша бұл өте маңызды. FISU қолдауымен біз технологияларды тапсыруды ұсынамыз», - деп өз сөзінің соңында түсіндіріп өтті.

Барлық жаңалықтар