- Басты
- Жаңалықтар
- Универсиада -2017 жобасы Алматыны тау шаңғысы туризмінің орталығы етуге шақырады – Қ.Закирьянов
Универсиада -2017 жобасы Алматыны тау шаңғысы туризмінің орталығы етуге шақырады – Қ.Закирьянов
«2017 жылы Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиада, өздеріңізге де белгілі болғандай, тек 11 күнге ғана созылады. Сол себепті FISU-де «Универсиада қалдықтары» атты керемет бағдарлама бар. Басты сұрақ: Универсиададан кейін не болады?», - дейді Қайрат Закирьянов.
Осы сауалға жауап бере отырып ҚР Студенттер спорты ұлттық федерациясының президенті Сочидегі Қысқы Олимпиададан мысал келтірді.
«Мысалға, Сочиде Қысқы Олимпиада ойындары өтті. Біз облыс спорты ғалымдары біздің спортшылардың сәтсіздіктері мен жетістіктеріне сараптама жасай келіп, мынадай тоқтамға келдік. Басты кемшілік спортқа деген ғылыми ресурстың жоқтығы. Сол себепті біздің бүгінде талқылап отырған басты ұсыныстарымыздың бірі Алматыдағы Дүниежүзілік Универсиаданың мұрасы ретінде спорт ғылыми-зерттеу институтын құру», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы ҚР Президентінің Қаулысымен күшіне енген дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы нақтыланды.
«Бұл құжатта осындай институт құру айтылғанымен, өкінішке орай, 13 жылдан бері бұл бастама аяқсыз қалып, қазақстандық спорттың дамуына кедергісін келтіріп жатыр», - дейді Қ.Закирьянов.
Енді, оның айтуынша, Алматыда өте ірі жоба қолға алынбақ. Ол оңтүстік астанамызды тау шаңысы спорты бойынша әлемдік орталық етпек.
«Біз Универсиада мұрасы ретінде тау және тау шаңғысы туризмінің ғылыми институтын құруды ұсынамыз. Көп шығындалудың да қажеті жоқ. Онсыз да салынтын ғимараттардың ішінен бізге бірнеше шаршы метр ғана орын керек», - дейді Қ.Закирьянов.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді