- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Келісімнің мақсаты «Достық» бірлескен су торабын бірігіп салу мәселесін реттеу болып табылады. Келісім су торабының құрылысы кезінде өз күшінде болмақ, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жиында 1999 жылдың 3 желтоқсанында Пекин қаласында қабылданған қабаттарды құртатын заттар бойынша Монреал Хаттамасы Түзетулерін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.
Монреал Хаттамасы Жердің негізгі қабатын қорғау мақсатында 1987 жылы қабылданды. Монреал Хаттамасына деген аталмыш түзету транспорттық, коммерциялық және өнеркәсіптік, тұрмыстық секторларды кондициялайтын және салқындататын жүйе үшін тоңазытқыш ретінде пайдаланылатын көмірқышқылды қамтитын гидро-хлор-фтор-көмірқышқыл пайдалануды кезеңдік тоқтатуға, сонымен қатар Монреал Хаттамасы Тарабы болып табылатын кез келген мемлекеттіңимпорты мен экспортына тыйым салатын секторларға реагенттерге бағытталған.
Пекин түзетуін Еуроодақ, Орта Азия өңірі мен Латын Америкасы, АҚШ, Канада, Ресей Федерациясы мен өзгелерді қосқанда 190-нан астам ел ратификациялады.
Кедендік Одақ елдер ішінен тек Қазақстан ғана Пекин түзетуінің тараптары емес. Бұл дегеніңіз Ресей мен Беларусь Пекин түзетуі ратификациясының болмаған жағдайында Қазақстанмен озонды бұзатын саудаға шектеу енгізуі міндеттеледі.
Аталмыш түзетудің ратификациялануы шағын және орта кәсіпкерлікке озонды құртатын заттарды пайдалануында қаржылық шығынды азайтып, қауіпті барынша төмендетіп, Кедендік Одақ пен Еуразиялық Экономикалық комиссия аясындағы ұлттық заңнаманы үйлестіруге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Мақұлданған заң жобасы Палата қарауына жөнелтілді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады