ШҚО-да Қазақстандағы мемлекеттік қызметті дамытудың болашағы талқыланды

3 Сәуір, 2014 16:30
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазіргі кездегі мемлекеттік институттардың мәселелері және даму болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына жоғарғы оқу мекемелерінің ғалымдары, магистранттары және мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

 Департамент басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов өз сөзінде Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің дамуының негізі бағыттарына және оның мәселелеріне тоқтады. «Integrity Action» Британдық үкіметтік емес ұйымының өкілі А.Алексанян мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс әрекеті мәселелері жайлы баяндады. Сонымен қатар, конференцияда жоғарғы оқу орандарының  профессорлық - оқытушы құрамының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер сөз сөйледі.

Конференцияның қорытындысы бойынша аталған шараға қатысушылардың ұсыныстарын есксере отырып резолюция қабылданды және мақалалардың жинағы шығарылды.

Барлық жаңалықтар