• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК кеңесі Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімін талқылады

ЕЭК кеңесі Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімін талқылады

3 Сәуір, 2014 16:00
27-28 наурыз күні Мәскеуде Еуразиялық экономикалық кеңес комиссиясының отырысы өтті. Шараға ЕЭК кеңесінің мүшелері, Кедендік одақ елдерінің вице-премьерлері қатысты, яғни Беларусь – Сергей Румас, Қазақстан Республикасы – Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясы – Игорь Шувалов.

Отырыста Еуразиялық экономикалық кеңес туралы жобаның Келісімі талқыланды. Ол интеграцияның одан әрі дамуы мен бағытына арналды, деп ЕЭК ресми порталы хабарлады.

Келісімнің мына бөліктері қарастырылды: сауда саясаты, техникалық реттеу, АӨК мен өнеркәсіп, табиғи монополиялар, көлік және энергетика, бәсекелестік пен мемлекеттік сатып алу, салықтар, валюталық саясат, қаржы нарығы  зияткерлік меншік, еңбек көші-қон, макроэкономика және статистика.

Кездесу барысында тараптар Келісім бойынша жасалған істің маңыздылығын тілге тиек етті. Отырысқа қатысушылардың айтуынша,  ЕЭКК Келісім шартының орнатылуы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланған.

Барлық жаңалықтар