ЕЭК делегациясы ТЕХАГРО-2014 халықаралық көрмесі шараларына қатысты

3 Сәуір, 2014 17:00
30-31 наурызда Брно қаласында (Чехия Республикасы) Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директоры Василий Казакевич бастаған Еуразия Экономикалық комиссиясы делегациясы ТЕХАГРО-2014 халықаралық көрмесінің ресми және іскерлік шараларына қатысты.

ЕЭК баспасөз қызметінің хабарлауынша, іскерлік бағдарламасы аясында ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің Чехия Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Брно қаласындағы көрме кешенін ұйымдастыру комитетімен бірлесіп ұйымдастырған «Кедендік Одақ Чехия Республикасы» (Агроөнеркәсіптік саладағы әріптестік) атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ЕЭК қызметкерлері, Чехия Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің орынбасары Ярослава Бенеш-Шпалкова, Чехия Республикасы ауыл шаруашылығы кеңесі төрағасы Мартин Пиха, Чехия Республикасы Аграрлық палатаның президенті Мирослав Томан,Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар Чехия мен Кедендік Одақтың салалық кеңестері өкілдері қатысты.

Жиын барысында Еуропалық Одақтың жалпы аграрлық саясатын іске асыру аясындағы Чехияның ауыл шаруашылығын дамыту болашағы мен мәселелері, Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аграрлық саясаттың бағыттары, сүтті және етті мал шаруашылығындағы асыл тұқымдандыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Белорусь, Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдері өз елдеріндегі ауыл шаруашылығының жағдайы туралы мәліметтермен бөлісті.

Барлық жаңалықтар