• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазатомпром» аймақтардағы жобаларды жүзеге асыруға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

«Қазатомпром» аймақтардағы жобаларды жүзеге асыруға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

3 Сәуір, 2014 15:45
Аймақтарда жобаларды жүзеге асыру үшін 30 млрд. теңгеден астам қаржыны «Қазатомпром» АҚ бөлді, деп «Самұрақ-Қазына» бірыңғай порталы мен BNews.kz ақпараттық агенттігінің бірлескен жобасы шеңберіндегі онлайн-конференция барысында «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» Акционерлің қоғамының әлеуметтік мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Жарқынбек Оспанов мәлім етті.

«Соңғы үш жылда біз құны 30 млрд. теңгеден асатын басталып қойған жобаларды аяқтадық. Бұдан басқа біз қайырымдылық және демеушілік қызметпенде белсенді айналысамыз», - деді Ж. Оспанов.

Оның айтуынша, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде компания бірқатар облыстармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға отырды.

«Біз Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен меморандумға отырамыз. Онда тек бізді ғана емес жергілікті билікті қызықтыратын нысандардың құрылысы мен жобалар қарастырылған», - деп Ж. Омаров атап өтті.

Барлық жаңалықтар