• Басты
  • Анкарада қазақстандық суретшілердің мерейтойлық көрмесі ашылды

Анкарада қазақстандық суретшілердің мерейтойлық көрмесі ашылды

3 Сәуір, 2014 14:54
Анкараның «Чагдаш» орталық көрме залында «Has Sanat» өнер галереясының 20-шы мерейтойлық сурет көрмесі ашылды.

Көрмеге қазақстандық суретшілердің түрлі жанр мен бағыттардағы - реализмнен бастап авангардқа дейін, сюрреализм мен заманауи бейнелеу өнері ағымдары шеңберінде салынған  73 жұмыс қойылды, деп Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, «Алтын ғасыр» атты халықаралық жоба 2006 жылы «Манеж» орталық көрме залында суреттер көрмесінен, кейін Мәскеудегі Орталық суретшілер үйінде және Шығыс халықтары өнері мұражайында бастау алды.

Содаң соң, көрме Варшава, Вроцлав, Берлин, Штутгарт, Мюнхен, Франкфурт, Амстердам, Эйндховен, Гаага, Брюссель, Лондон мен Вена сынды танымал  қалалар бойынша турне жасады. Сурет көрмесі келушілерді Қазақстанның мәдениеті және өнерімен таныстырады.

«Көрме Қазақстанды түрік ағайындардың өнерді қадірлеушілеріне таныстыруда үлкен мүмкіндік. Көрменің мақсаты өнер арқылы Түркияның тұрғындарына Қазақстанды таныстыру. Қазақстанның заманауи өнерімен қиылысатын көрмеге қойылған картиналар  - мемлекетіміздің төл мәдениеті, салт-дәстүрі, кең даланың магнетизмі мен алып таулардың таңғажайып сұлулығы  туралы әңгімелейді. Өнер - ол мемлекеттер мен халықтарды біріктіретін көпір», - деп «Хас Санат» өнер галереясының басшысы Қазақстанның Көркемөнер академиясының академигі Ж. Енсебаева баса айтты.

Айта кетерлік жайт, Түркияны басқарып отырған Әділеттілік және даму партиясының бас хатшысы көрмеге қойылған жұмыстардың деңгейін жоғары бағалап, аталмыш жоба қазақ пен түрік халықтары мәдиниетінің ортақ тұстарын көрсетеді деп атап өтті.

Барлық жаңалықтар