- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев ПӘ басшылық құрамымен кездесу барысында жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді
Н. Назарбаев ПӘ басшылық құрамымен кездесу барысында жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді
Мемлекет басшысы кездесу барысында Кәрім Мәсімовке Президент Әкімшілігі Басшысының қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясында мақсаттарымыз бар және Үкімет оларға қол жеткізу үшін жасалатын жұмысты жандандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты әрі оңай емес», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз Жарлығымен Әділбек Жақсыбековтің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалғанынан хабардар етті.
«Мемлекеттік хатшы кең ауқымдағы міндеттерді атқарады, ал Ә.Жақсыбековтің бұдан бұрынғы қызмет салаларында жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігі Басшысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны туралы мәлімдеп, оның өңірлік деңгейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, Президенттің Әкімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктелген, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі сіздердің жұмыстарыңызға байланысты. Сондай-ақ Әкімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүддесіне сай келетін барлық қажетті шешімдердің қабылдануын қамтамасыз ету және жүзеге асыру», – деді Қазақстан Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады