• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Невада-Семей» қозғалысының барлық бөлімі өз істерінің бағдарламасын дайындауда – Г.Нұрпейісова

«Невада-Семей» қозғалысының барлық бөлімі өз істерінің бағдарламасын дайындауда – Г.Нұрпейісова

3 Сәуір, 2014 11:19
«Невада-Семей» қозғалысының барлық бөлімі өз істерінің бағдарламасын дайындауда, дейді «Невада-Семей»халықаралық ядроға қарсы қозғалысының жастармен жұмыс және халықаралық мәселелер бойынша хатшысы Гүлдана Нұрпейісова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Біздің «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыс мүшелері болғанымыздықтан, әрине, Мемлекет басшысының ядролық қауіпсіздікке қатысты барлық бастамаларын қолдаймыз. Өздеріңіз де білесіздер, бұл тақырып қашанда өзінің маңыздылығын жоймақ емес. Қашанда күн тәртібінен түспейді. Сол себепті ядролық клуб елдерінің саны жыл санап артып келеді, бұл дегеніңіз ядролық арсеналдарға иелік ететін мемлекеттер көбеюде деген сөз», - дейді Г.Нұрпейісова.

Оның мәліметінше, 2014 жылы Халықаралық ядроға қарсы қозғалыс ядролық қауіпсіздікке арналған түрлі шаралар мен секциялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Менің ойымша, біздің мемлекетіміздің үлгісі аталмыш салада мақтанарлықтай. Президентіміз әлемде алғаш болып 1991 жылы Семей сынақ полигонынан өз бетімен бас тартты. Осыдан кейін әлемнің бірқатар елдері бізден үлгі алып өз сынақ алаңдарына моратория жариялай бастады», - дейді.

Бүгінде, «Невада-Семей» қозғалысы өкілінің айтуынша, жер бетіндегі экологиялық жағдай кісі қызығарлықтай емес. Осы орайда аталмыш бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек.

«Мен осы жердің тұрғыны ретінде, ядроға қарсы қозғалыс мүшесі ретінде біздің жеріміздің сау және таза болуына мүдделімін. Барлық ел бізден үлгі алса екен деймін. Гаагада да бұл тақырып өз деңгейінде көтерілді, енді алдағы уақытта қолдан келген жұмыстың бәрін атқаруымыз керек», - дейді Г.Нұрпейісова.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2014 жылдың мамыр айы соңында республикалық конференция ұйымдастыру жоспарланған. Онда «Невада-Семей» қозғалысының барлық бөлімі өз істерінің бағдарламасын дайындайды.

«Ал жаз соңында халықаралық конференция өткіземіз деп болжап отырмыз. Қазірден бастап біз белсенділеріміздің Қазақстан бойынша «Бейбітшілік сабағын» өткізуге дайындап датырмыз. Халықаралық байланыстарымызды пайдаланып қазірде біз ірі жұмыстарды қолға алудамыз», - дейді Г.Нұрпейісова.

Сонымен қатар, ол Парламентте әлдеқашан ұмытылып кеткен мәселелерді қайта көтеру керектігін де еске салды.

Барлық жаңалықтар