- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырғаннан бастап Қазақстанда 9 мыңнан астам стипендия тағайындалған - ҚР БҒМ
«Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырғаннан бастап Қазақстанда 9 мыңнан астам стипендия тағайындалған - ҚР БҒМ
«Болашақ» бағдарламасы елімізге қажетті мамандарды даярлауға бағытталған. 1994 - 2013 жылдар аралығында 9250 стипендия тағайындалды. Бітірген түлектер саны - 5714. Ал, 2 796 стипендиат әлемнің 33 елінде білім алуда», - деді Б.Жұмағұлов.
Білім және ғылым министрлігінің басшысы атап өткендей, бүгінде түлектердің 20%-ы мемлекеттік секторда жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұлттық компанияларда - 21%, жекеменшік компанияларда - 55%, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда - 4%.
Бағдарлама түлектерінің мысалы ретінде министр «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті,
Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахімовты, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» басқарма төрағасының орынбасары Куандық Бішімбаевты және басқаларын келтірді.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы экономика мен қоғамға зор үлес қосып отыр.
«Болашақ» бағдарламасының Қазақстанға материалдық емес активтеріне тоқталғым келеді. Біріншіден, еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыру. Екіншіден, идеологиялық фактор... Бағдарлама сапалы білімнің жастар үшін тамаша әлеуметтік лифті екенін көрсетті. Үшіншіден, бағдарлама түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында өз құрдастарымен, яғни әлемнің болашақ элитасымен қарым-қатынас жасап, әлеуметтік капиталға да ие болуда. Мұндай ресурстың келешекте маңызы өте зор», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр