• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Тау-Кен Алтын» ЖШС тазартылған алтынның алғашқы париясын ҚР Ұлттық банкіне жөнелтті

«Тау-Кен Алтын» ЖШС тазартылған алтынның алғашқы париясын ҚР Ұлттық банкіне жөнелтті

3 Сәуір, 2014 10:34
«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты тазартылған алтынның алғашқы париясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды.

99,99% сынамалы стандартты банктік құймалы бірінші партияның көлемі шамамен 500 кг, жалпы құны- 21 млн. АҚШ долларынан асады, деп «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» ресми порталы хабарлады.

 «Тау-Кен Алтын» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 100% еншілес ұйымы) Аффинаж зауыты 2014 жылғы 2 сәуірде  дайын өнім, тазартылған алтынның алғашқы париясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды.

 Айта кетейік,  «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты  ҮИИДМБ шеңберінде 2013 жылғы желтоқсанда Астана қаласында пайдалануға берілді.

Жобаны іске асырудың стратегиялық мақсаты, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының алтын валюта қорын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің аффинаж зауытында құнды бағалы металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау болып табылады.

 

 

Барлық жаңалықтар