- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Қарин Үкіметтің отставкаға кету себептерін болжады
Е.Қарин Үкіметтің отставкаға кету себептерін болжады
Оның айтуынша, Үкіметтің ауысуының басты себептерінің бірі «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуына жаңаша серпін беру болып табылады. «Біз қазіргі таңда дамудың жаңа сатысына өттік, сонымен қатар Стратегияның да орындалуының алғашқы жылы. Алғашқы жұмыстар қалай атқарылатын болса, кейінгі даму жолымыз да сол бағытта өрбитінін ескерсек, қазіргі атқарылатын істер өте маңызды. Менің ойымша, Ахметовтың үкіметі стратегия орындауда өз деңгейінде жұмыс істей алмады. Үкіметтің ауысуы, бірінші кезекте, жұмысқа жаңа қарқын беру үшін стратегияны орындауда барынша динамикалық жолдарды қолдануды талап етуде», - дейді саясттанушы.
Ерлан Қариннің айтуынша, қазірді әлемдік экономикалық нарықта жалпы конъюнктура өзгеруде. Белгілі бір деңгейде қатерлер мен түрлі факторлар да бой көрсетуде.
«Белгілі бір деңгейдегі теріс факторлардың әсер ету қарқыны артып келеді, оған мысал таяудағы теңгенің девальвациясы. Ресей айналасындағы жағдай, өзге де теріс нәтиже әкелетін сыртқы факторлар біздің Үкіметіміздің барынша кәсіби болуын қажет етеді», - дейді.
Алайда Серік Ахметовтың басқарған Үкіметі кезінде Президенттің Жолдауын іске асыру жолында нақты бағдарламалар енгізіліп, белгілі бір деңгейде жұмыстардың да атқарылғанын айта кету керек.
«Ескі министрлер кабинетінің саяси да, экономикалық та, технологиялық та мүмкіндіктерінің болғаны жасырын емес. Осы Үкімет кезінде Президент Жолдауның басты екі бағыты айқындалды. Атап айтар болсақ олар «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен биылғы Жолдауда айтылған «Мәңгілік Ел» идеясы. Осыған қоса Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың жоспары бекітілді. Ахметов басқарған Үкімет тұсында Президент стратегиясының ең басты құжаттары қабылданды. Алайда Серік Нығметұлы басқарған игі жақсылар Президент қойған тапсырмалардың үдесінен шыға алмады. Президенттің ұсынған стратегиясына жауап ретінде Үкімет нақты жоспарлар мен істерді атқаруы керек еді. Мысалы Мәсімовтың кезіндегі Үкімет 2008-2009 жылдардағы дағдарыста дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын іске асырған болатын. Осы секілді Ахметовтың командасы да аталмыш тапсырмаларды орындауда белгілі бір бағдарламалар қабылдауы керек еді. Менің пікірімше, қазір Мәсімов бірінші кезекте Ахметовтың кезінде атқарылмаған Президенттің тапсырмаларын орындау мен ұйымдастыратын нақты істердің жоспарын дайындайтын болады. Мүмкін, бұл экономикалық және әлеуметтік бағыттағы бірнеше жоспар болуы да ғажап емес», - дейді Ерлан Қарин.
Сонымен қатар, ол Кәрім Мәсімовтың басшылығымен министрлер кабинетінің құрамы өзгеруі мүмкін бе деген сұраққа да жауап берді.
«Мынадай өзгерістер болады деп дөп басып айту қиын, өйткені өзгертулер болғанымен олардың приципті маңызы бола қоймас. Мысалы, шет мемлекеттерде нақты тұлғалардың құрамы өзгертілгенде бұл мәселе қандай үлгіні қолдайтындар келеді деген тұрғыда қаралады. Демек, тұлғалар өзгертілгенімен нақты жаңа үлгі келмейді. Әрине, жаңа тұлғалар болады, алайда олардың өзі жұмыс істеп жатқан биліктің резервіндегі адамдар. Түбегейлі өзгерістер мен су жаңа тұлғалар болмайды. Жеке салалар бойынша айтатын болсақ, даму динамикасын арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық блокта, яғни денсаулық сақтау және білім саласында өзгерістер болуы бек мүмкін», - деп ол атап өтті.
Қарин Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындау барысында халықаралық институттармен, сыртқы инвесторлармен өзара байланысты белсенді жүргізу қажеттілігін атап өтті, деп баса айтты.
«Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, Мәсімовтың басқалармен салыстырғанда артықшылығы басым. Ол сыртқы кең аудиторияға - бизнесмендерге, халықаралық қаржы және экономика құрылымдарының өкілдеріне танымал. Бұл байланыстар, өзара әрекеттер мен оның тәжірибесі жаңа жаһандық стратегияны жүзеге асыруда, жаңа резервтер мен сыртқы инвестиция көздерін іздестіруде міндетті түрде көмектесуі керек», - деп Қарин ағынан жарылды.
Саясаткердің пікірінше, министрлер кабинетінің жаңа жетекшісінің төрағалығымен ұйымдар мен бөліктер құрылымында өзгерістер болуы мүмкін.
«Осыған дейінгі Мәсімовтың тәжірибесі қызметті жаңғыртуға, тездетуге талпынысы бар екендігін көрсетті. Бағытталған жағдайда стиль өзгереді. Мәсімов осыған дейін министрлер кабинетіндегі маңызды істердің, яғни күнделікті жұмыс уақыты, тереңінен бойлау, кезекті демалысынсыз қызмет ету сынды қырынан көрінді. Ол министрлердің барлық коллегиясына қатысу тәжірибесін енгізген Премьер-Министрлердің бірі. Осындай тәртіп Үкіметтің жұмысына қайтадан енгізілетін болады. Мәсімов сондай-ақ, қолмен басқару жүйесін енгізді ол жұмысқа түбегейлі берілгендікті қажет етеді», - деді Ерлан Қарин.
Айта кетейік, 2 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов отставкаға кетті. Мемлекет басшысы бұл лауазымға Кәрім Мәсімовты ұсынды. Өз кезегінде, Президентпен кездесу барысында депуттаттар Премьер-Министр болып К. Мәсімовтың тағайындалуын толықтай қолдады. Бұл шешімді жаппай барлығы қолдағаннан кейін Ел Президенті ҚР Премьер-Министрі болып Кәрім Мәсімовты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Жыл қорытындысы: Парламентте қабылданған Заңдар, Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмыс нәтижелері -
Қазақстанда жол-көлік апатының басым бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан орын алуда -
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады -
Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді -
Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі -
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрінің коронавирустан сауығып кетуіне тілектестік білдірді -
Қазақстан індеттің реттеусіз көбейіп кетуіне тосқауыл қойды – М.Споткай -
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының азайып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады -
Экологияны жақсарту тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі – С.Рахимбекова -
Президент Жолдауы - Үкіметтің негізгі жоспары - Е.Қарин -
Тоқаев шетелдік инвесторлар мен Үкіметтің басын қосып «Адам капиталын дамыту» мәселелерін талқылады -
Біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуі керек -
Назарбаевтың өз еркімен кетуі таңқалдырды - жапон сарапшылары -
Үкіметтің жаңа құрамы -
Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс.