Ақмола облысында ҮИИД МБ аясында полиэтилен зауыты ашылады

3 Сәуір, 2014 10:00
Ақмола облысы Шортанды ауданында биыл полиэтилен өндіретін жаңа зауыт пайдалануға берілмек.

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, ҚР үдемелі индстриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2013 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына құны 400 млн теңге болатын полиэтилен өнімін шығаратын «Полимер-Пласт» ЖШС зауыты құрылысының инвестициялық жобасы енгізілді. Биыл 37 жаңа жұмыс орнын ашатын зауыт пайдалануға берілмек.

Айта кету керек, 2014 жылы Индустрияландыру картасына 3 жоба бағытталды: «Центрпласт НС» ЖШС металл сэндвич панелі өндірісі зауытының құрылысы, «Центрпласт НС» ЖШС алюминий профилі өндірісі зауыты құрлысы мен «КунБель» комбикорм зауыты құрылысы.

Сонымен қатар, Шортанды ауданында «Адай және К» ЖШС газ бетоны өндіретін қнеркәсіптік кәсіпкерлікті ашу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар