Астанада ҚР «Жер қойнауы туралы» кодексті қабылдау мәселелері қаралды

2 Сәуір, 2014 18:30
Астанада «Тау-кен саласында инновация мен инвестицияны ілгерілету» 5-ші MINEX тауөндірісі форумында «ҚР «Жер қойнау туралы» кодексін талқылаудағы тұжырымдамалық тәсіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ хабарлауынша, Жер қойнауы саласындағы қазақстандық заңнаманы реформалау мәселесі негізгі тақырып ретінде көтерілді, сондай-ақ мұнай-газ компаниялары мен мемлекеттік реттегіштердің «Жер қойнауы туралы» ҚР Кодексінен күтетін үміттері, нәтижелері мен тілектері қаралды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев сала заңнамасын реформалаудың алғышарттары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, реформалау геологиялық барлау жұмыстары саласында серпіліс жасайды және әкімшілік процедураларын жеңілдетеді деп атап өтілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жер қойнауы мәселелерін реттейтін қазақстандық заңнамада халықаралық тәжірибенің пайдаланылуына айрықша көңіл бөлді.

Талқылау қорытындысы бойынша,  қатысушылар «Жер қойнауы туралы» ҚР Кодексін қабылдау саланың тартымдылығын арттырып, экономикалық тұрықты өсімге қол жеткізіледі деген ортақ пікірге келді. 

Барлық жаңалықтар