ҚР Премьер-Министрі отставкаға кетті

2 Сәуір, 2014 17:20
Премьер-Министр Серік Ахметов отставкаға кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Үкiмет туралы Конституциялық заңға сәйкес, бүгiн Мемлекет басшысы менiң жұмысымнан кетуiм туралы өтiнiшiмдi қабылдады. Өз атымнан, Үкiмет атынан Мемлекет басшысы, ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа маған көрсетiлген жоғары сенімі үшін алғысымды бiлдiргiм келедi», - деді Серік Ахметов. 

«Үкiмет туралы заңға сәйкес Премьер-Министрдiң отсавкаға кетуi бүкiл министрлер кабинетiнiң өкiлеттiк күшiн жояды, десек те ол жаңа үкiмет қалыптасқанға дейiн өз өкiлеттiлiгiн сақтап қалады», - деген Серiк Ахметов министрлер кабинетiне бiрлескен жұмысы үшiн алғысын бiлдiрiп, жаңа үкiметтiң мемлекет игiлiгiне жұмыс iстейтiнiне сенiмiн бiлдiрдi.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне 2012 жылдың 24 қыркүйегінде тағайындалған болатын. 

Барлық жаңалықтар