- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Сенаторлары наным мен дін бостандығы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашыларымен кездесті
ҚР Сенаторлары наным мен дін бостандығы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашыларымен кездесті
ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанындағы жаңа Заңын іске асырудың тәжірибелік аспектілері, дін саласындағы қазақстандық заңнамалық базаны дамыту мен қазіргі жағдайы туралы ойларымен бөлісіп, діни бірлестіктер қызметі талқыланды.
Өз баяндамасында А.Бижанов тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік саясаты мемлекеттің дінге құрметпен қарауына негізделген азаматтардың құқы мен еркіндігін сақтаудағы демократиялық құндылықтарға негізделді. Мемлекеттік саясаттың негізі Конституция болып табылады. Онда азаматтардың діни сенім алуандығына қарамастан еркіндіктері нақтыланып, мемлекет пен діннің екі бөлек екені туралы ұстаным қалыптасқан.
Сенатордың айтуынша, мемлекеттің діни сенімге деген құрметі Мемлекет басшысының мұсылмандық мереке Құрбан айттың бірінші күні мен православтық Рождествоның демалыс күндері етіп жариялау туралы Қаулысы.
Өз кезегінде С.Ақылбай «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР заңныың іске асырылу барысына тоқталып, елде діни қызметті құқықтық реттеу мәселесі жайлы мағлұмат берді.
Наным мен діни бостандығы бойынша БҰҰ арнайы баяндамашысы профессор Хайнер Билефельдт сентарларға Қазақстанға сапары барысында ҚР мемлекеттік орган, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескенін айтты. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында болып, Қарағанды облысына сапар шеккенін мәлімдеді. «Кездескен адамдардың барлығы Қазақстанда діни төзімділік пен келісімнің салтанат құрғанын айтты. Бұл менің баяндамамда ескерілетін болады», - дейді профессор.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы діни саладағы заңнаманың жалпы халықаралық нормалар мен талаптарға сай келетінін айтысты. Сонымен қатар осы саладағы заңнаманы жетілдіру туралы ойларымен бөлісті.
А.Бижанов БҰҰ сарапшыларына «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР заңын дайындауға көмектескендері үшін алғыс білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері