• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да радиоэкологиялық және экологиялық жағдайдың мәселелері бойынша жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде - А.Бекмағамбетова

ҚР-да радиоэкологиялық және экологиялық жағдайдың мәселелері бойынша жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде - А.Бекмағамбетова

2 Сәуір, 2014 17:00
Қазақстанда радиоэкологиялық және экологиялық жағдайдың мәселелері бойынша жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп «Невада - Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысының баспасөз хатшысы Алия Бекмағамбетова «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында ағынан жарылды.

«Гаагада ағымдағы жылдың 24 наурызында ядролық қауіпсіздік бойынша саммит өтті, оған көптеген елдердің басшылары қатысты.  Ең алдымен ядролық қаруды жасауда пайдаланылуы мүмкін радиоактивті заттардың және жоғары байытылған уранның, плутонияның қорын азайту керек екендігін түсіну маңызды болды. Сонымен қатар, оларды сақтау орталықтарын қысқарту қажеттілігіде маңызды. Бұл туралы Нидерланды үкіметінің төрағасы тілге тиек етті», - деді  А. Бекмағамбетова.

Екінші аса маңызды мәселе оның айтуынша, аталмыш нысандарды қорғау болып табылады.

«Бұл өте маңызды, себебі әлем терроризмнің шабуылына душар болуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары саммитте халықаралық ядролық қауіпсіздік саласында байланысты нығайту мәселелерін қарастырды. Аталмыш екі мәселе бойынша соңғы жылдары әлем бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді», - деп ол есептейді.

Сонымен, мысалы әлемде радиоактивті қалдықтардың көлемі төмендеді. Дегенмен, ядроға қарсы клуб мүшелерінің алдында шаруа шаш етектен.

«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев самитте Қазақстанның ядролық сынақтарға деген көзқарасын атап өтті. Қазіргі таңда елімізде радиоэкологиялық, экологиялық жағдайды жақсарту және өскелең ұрпақты осы мәселе бойынша тәрбилеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп «Невада - Семей» халықаралық қозғалысының баспасөз хатшысы өз ойын түйді.

Барлық жаңалықтар