• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың қыркүйегінде ҚР-да Қазақстан мен Польша өңірлерінің I форумы өтеді

2014 жылдың қыркүйегінде ҚР-да Қазақстан мен Польша өңірлерінің I форумы өтеді

2 Сәуір, 2014 16:16
2014 жылдың қыркүйегінде ҚР-да Қазақстан мен Польша өңірлерінің I форумы өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уәкілетті Өкілі Яцек Ключковскиймен кездесу барысында мәлімдеді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, облыста поляк серіктестігінің қатысуымен өнеркәсіп, көтерме және бөлшек сауда салалары бойынша алты мекеме жұмыс жасайды. Әлемдік қауымдастықпен іскерлік серіктестікте ықпалдық артуы Елбасының жүргізіп жатқан ішкі саясаты және халықаралық байланыста болуынның арқасында екендігін тілге тиек етті облыс әкімі.Екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетін Қазақстан және Польша арасындағы аймақтардың Бірінші Форумы бұған дәлел болып отыр. Аталмыш Форумды өткізу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Оған Қазақстан Республикасының аймақтық дамыту Министрлігі және Польшадағы еліміздің Өкілі қатысады.

Астанада өтетін Форумның бірінші күні пленарлық мәжіліс жоғары деңгейде өткізіліп, инновациялық жобалар презентациясы, семинар-жиналыстар, әріптестіктің бөлек бағыттары бойынша «дөңгелек үстел» өткізу жоспарланып отыр. 

Кездесу барысында Қарағанды облысының Польша Республикасымен ішкісауда айналымы бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша 43,7 млн. АҚШ долларын құрап отыр, 2012 жылғымен салыстырғанда 16,2% өскен. 

Келесі күні Форум жұмысы Қарағандыда жалғасын табады. 

Жауапты сөзімен Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Өкілі Яцек Ключковский мінберге шықты.

Бауыржан Әбдішев кездесу соңында Қарағанды облысына келген Өкілге алғысын білдіріп, алдағы өтетін іс-шаралар екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.

 

 

Барлық жаңалықтар