• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Көлік және коммуникация министрі Алматы облысының автожол объектілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты

ҚР Көлік және коммуникация министрі Алматы облысының автожол объектілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты

2 Сәуір, 2014 16:25
ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек Алматы облысына барған жұмыс сапары барысында мердігер мекемелердің өкілдерімен «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Қапшағай-Талдықорған» жобаларының жүзеге асырылуы бойынша кеңес өткізді.

«Алматы-Қорғас» учаскесінде жалпы ұзындығы 304 км созылған 8 учаскеде қазіргі уақытта 4 мердігер мекемемен жұмыстар жүргізілуде, деп Көліккомминде хабарлады. Жобаның жүзеге асырылуы былтыр  басталған болатын, ал 2015 жылы оны аяқтау жоспарланып отыр.  

Министр сонымен бірге 51 км жолында жұмыстар жүргізіліп жатқан «Алматы-Қапшағай» учаскесіне барып шықты. Биыл оның 10 км жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ұзақтығы 53 км созылған қалған басқа учаскелерге қатысты құрылыс жұмыстарына конкурс жариялау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта екі мердігер мекеме іске қосылған.   

«Қапшағай-Талдықорған» учаскесінде реконструкция өткізу жұмыстарын алатын болсақ олар 157 км ұзақтығы бар, Сарканд қ. айналма жолын қоса, бүкіл жол бойында жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы жолдың бір бөлігі (16 км) пайдалануға беріледі. Ал толығымен жобаны аяқтау 2016 жылға көзделіп отыр.

Жалпы қазіргі уақытта барлық учаскелерде мердігер мекемелермен дайындық жұмыстары және жасанды құрылғыларды тұрғызу мен коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталған.

Барлық жаңалықтар