- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Денсаулық сақтау министрі: Қазіргі таңда отандық клиникаларда жоғары технологиялық қызмет көрсету үшін мүмкіндіктер жасалған
ҚР Денсаулық сақтау министрі: Қазіргі таңда отандық клиникаларда жоғары технологиялық қызмет көрсету үшін мүмкіндіктер жасалған
Соның ішінде, шетелде емделуге байланысты сұрақтарға Министр шетелдерде емделуге кезекті азайту мақсатында Министрлік тарапынан бірқатар шаралар қолданылып жатқанын айтты.Құрылған жұмыс органы шетелдік медицина ұйымдарымен телемедициналық консультация жүргізуде. Шетелдік медицина ұйымының пациентті емдеу туралы келісімі мен растауынан кейін емдеу бағдарламасы мен емделуге кететін шығынның калькуляциясы сұралады.Одан кейін шетелдік медицина ұйымдары таңдалып, Комиссияның қарауына қорытындысы беріледі.
Ведомствода хабарлағандай, Салидат Қайырбекова ағзалар мен тіндерді трансплантациялау үшін пациенттерге жолдама беру қаражатқа емес, іздестіруге 6 айдан 2-3 жыл аралығында уақытты қажет ететін лайықты донордың табылуына байланысты екенін ерекше мән беріп айтты.
Егер бұрын кезектегі пациент трансплантациялауға жолдаманы өзінің алдындағы пациенттің органдарын ауыстырғаннан кейін алса, енді Министрлік қабылдаған шараларға сәйкес трансплантациялауға кезекте тұрған барлық пациенттер бір уақытта емдеудің 1-ші кезеңі – тексеруден өткізіліп, донорды іздестіру басталады.
Донор табылған жағдайда пациент екінші кезең –ағзалар мен тіндерді ауыстыруға жолданады.Қазіргі таңда отандық емханаларда жоғары технологиялық қызмет көрсету үшін елімізде мүмкіндіктер жасалған.
Жетекші шетелдік емханалармен және күрделі операцияларды өткізу үшін елімізге келуге дайын, өз кезегінде отандық кадрлардың әлеуетін арттыруға қабілетті мамандармен байланыс орнатылды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады