- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2 сәуір күні ШОБ қызметі тексерісіне мораторий енгізу өз күшіне енді
Қазақстанда 2 сәуір күні ШОБ қызметі тексерісіне мораторий енгізу өз күшіне енді
Жарлыққа сәйкес, 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жарияланды.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бақылауды жетілдіру саласында қабылданатын шаралар туралы хабарлады.
«Жоспарлы тексеріс жүргізу тәжірибесі тоқтатылатын болады. Мемлекеттік органдар менің Әкімшілігіммен келісе отырып, тексерістерді айқындаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай жүйесін әзірлейді. Осы жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шын мәнінде тек заңнаманы бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерге ғана тексеріс жүргізіледі. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлде бармауға тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы алда тексеріс жүргізу түрі түбегейлі қайта қаралатынын айтты, нәтижесінде кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың жалпы саны 30 пайыздан артық мөлшерге қысқармақ.
«Менің Жарлығымның жүзеге асуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті жағдайды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандық үшін нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмыс жағдайын ұдайы жақсартып отыру жайы әрқашан мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Осы шара және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына серпін береді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты