Қ.Көшербаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барады

24 Желтоқсан, 2012 00:00
26 желтоқсанда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«26 желтоқсан күні Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қырымбек Көшербаев мемлекеттік және облыстық, салалық бағдарламалардың, оның ішінде шағын қалаларды дамыту бағдарламаларымен жан-жақты танысады деп күтілуде», - деді А.Әбибуллаев. 

Барлық жаңалықтар