- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысының этноауылын маусым кезінде жарты миллионнан астам адам тамашалады - Н.Зайцев
Шығыс Қазақстан облысының этноауылын маусым кезінде жарты миллионнан астам адам тамашалады - Н.Зайцев
«Этноауыл ШҚО аймағында жүзеге асырылған бірегей жоба болып табылады. Онда біз 20-ға жуық этносты жинадық. Бүгінде этноауыл жоғары танымалдылыққа ие және оған жеті айда жарты милионнан астам адам барып қайтты», - деді Н.Зайцев.
Сонымен қатар, этноауылдың арқасында бір-бірімізді жақыннан тануға, әңгімелесуге және түрлі этностардың мәдениетін білуге мүмкіндік туды.
«Әр сенбі және жексенбі күндері этноауылдың аумағында өңірдің этномәдени бірлестіктері өздерінің фольклорлық ұжымдарын ұсынады. Бізде 4 сахналық алаң мен көлемі 300 м құрайтын конференц-зал бар. Онда кездесулер мен конференциялар және семинарлар өткізіледі», - деді ол.
Бұдан басқа оның айтуынша, этноауылдың аумағында «Шеберлер қаласы» орналасқан.
«Біз Шығыс Қазақстанның шеберлерін бір жерге «Шеберлер қаласына» жинауға тырыстық. Төрт жыл ішінде 100-ге жуық тренингтер өткізіліп, мыңға жуық адамдар жойылып бара жатқан қолөнер түрлеріне үйретілді. Осы ретте айта кетерлік жайт шеберлік сабақтарының тиімділігі жоғары, себебі жыл сайын Өскемендегі қорытынды көрмеде жаңа шеберлер пайда болады», - деп Н. Зайцев атап өтті.
Сонымен қатар, облыстық қорық мұражайының директоры ата-бабаларымыздан қалған дүниені жалғастыру керек деп есептейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді